Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханият

Таразда облыстық жас ақындар айтысы өтті

Таразда 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай «Тәуелсіз елдің айтысы – адалдықтың жаршысы» тақырыбында облыстық жас ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас ғимаратында өткен аламан айтысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Равиль Төлебаев, Облыстық «Руханият және тарихтану» орталығы басшысының орынбасары, айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков және айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов төрелік етті.

Осылайша, тартысты өткен жыр додасында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Елнұр Бейсенов жеңіп алса, 1-орынға Медеу Мырзатай тұрақтап, 2-орынды Дидар Аббас пен Дархан Әбдіманат, 3-орынды Мұқағали Балтабаев пен Нұржан Манатбек иеленді. Ал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы жүлдесіне Шапағат Әбдір лайық деп танылды.
Қатысқан барлық ақындарға шабыттандыру жүлдесі мен «Алғыс хат» табысталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close