Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі ауыз су мәселесіне қатысты тапсырма берді

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс орталығын сумен қамтамасыз етіп отырған «Тараз су» кәсіпорнының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Тұрғындармен кездесу барысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілгендіктен қала басшысы «Тараз су» кәсіпорнының жай-күйімен танысып, мекеменің жұмысын көріп қайтқан болатын.

Ондағы тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету мәселесінен бастап, 687 жұмысшысы бар кәсіпорынның 92110 жеке тұлға мен 4534 заңды тұлғаға қызмет көрсететініне, қалада 350 мыңнан астам тұрғын болса, оның 80000-нан астамы таза ауыз сумен қамтылмағанына, мекемеде «Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша ұңғымалар мен сорғы станцияларын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгеніне, «GRUNDFOS» неміс компаниясының жаңа сорғылары, заманауи шығын өлшегіштер орнатылып, арнайы техника және жабдықтар сатып алынғанына, т.б. салаға қатысты жағдайларға қанық болған қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өзінің орынбасары Қайсар Сарытайға біріншіден, судың тарифын көтеру; екіншіден, қаладағы егесіз су құбырларын қаланың теңгеріміне алу; үшіншіден, «Құмшағал» шағын ауданындағы су мұнарасының күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат қарастыру туралы тапсырмалар берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close