Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда түрме аумағына тиым салынған зат лақтырған адам ұсталды

Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандарға тиым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агентігі.

А.Асқаров көшесі маңын торуылдап жүрген азаматтың іс-әрекеті күдік туғызғандықтан құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында жедел бөлімінің қызметкерлері әділет капитаны Әділет Джарықбасов, әділет капитаны Ерзат Шалабек сондай-ақ әділет аға лейтенанты Бақдәулет Тұрсынбек бақылауды күшейтіп, құрықтау операциясына кіріскен. Арам ойын іске асырған әккі ізін суытпастан сол жерде қолға түсті.

Мекеменің ішкі күзет аумағынан табылған беймәлім орама ішінен қос бірдей ұялы телефон, нақтырақ айтсақ «Самсунг» және «Ирбис» маркалы байланыс тетігі тәркіленді. Анықталғандай тәртіп бұзған 34 жастағы тараздық тұрғын. Қазіргі таңда аталмыш азамат әкімшілік құқық бұзғаны үшін ҚР ӘҚ 481 бап 1 бөліміне сай хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close