Басты бетЖаңалықтарСпорт

СПОРТ және ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ

Сарысу ауданына қарасты мектептердегі жалпы оқушылар саны 8 879 болса, оның ішінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 7920 бала бар екен. Осы оқушылардың ішіндегі спорт мектептерінде  дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатыны 2 531 бала немесе 31,9 пайызды құрайды. Бұл биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алынған мәлімет.

Негізінен, аудан көлемінде орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту мәселесі ауданда мықтап қолға алынған.

Жалпы, баланы жастайынан спортқа баулыған жөн дейді мамандар. Себебі, спорт – дене мәдениетінің бір бөлігі десек, оны ерте жастан бастаудың артықшылығы айқын бола түседі. Дене мәдениеті демекші, ол туралы мамандар нақты түсінік те беріп өткен. Мәселен, «Спорт материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталған, құрылып және пайдаланылатын ағза құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толық қабілеттерін спорттық жарыс жолдарымен алдын ала анықтайтын, қозғалыс әрекеттерінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады» дейді. «Яғни, спорт мүддесіне қызмет ететін саланың бірі болып табылады. Ол өзінің қызмет аясында тәрбиелік, дайындық және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтің шешімін табады, бірақ, ол адамның барлығының тұрақты және арнайы кәсіби мамандығы бола бермейді (түрлі бағыттағы спорт түрлерінде спортшылар әртүрлі жастарда спортпен айналысуды тоқтатады). Мысалы, бокс, баскетбол секілді, осыған ұқсас белсенділік деңгейі ылғи да жылдамдық пен төзімділіктің жоғары шегінде жүруді талап ететін спорт түрлеріндегі спортшылар» деп жазады мамандар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close