Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысулық мемлекеттік қызметшілер жан-жақты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12-13 желтоқсан аралығында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасындағы кіші футболдан облыстық турнир өтіп, оған Сарысу ауданының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен құрылған құрама командасы қатысып, өзге командалармен жарысқа түскен болатын.

Тартысты өткен спорттық бәсекеде барлық командалар өзінің жоғары дайындығын көрсете білді. Осылайша, Сарысу ауданының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен құрылған құрама команда да спорттан құр алақан еместігін танытты деуге болады.

Жалпы, бұндай жарыстар облыста көптеп ұйымдастырылып тұрады. Ал оған қатысушы аудандарға келетін болсақ, Сарысу ауданын ерекше атап өтуге тұрарлық. Себебі, Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілері жоғары дайындығымен, барынша белсенділігімен және жан-жақтылығымен көзге түсуде. Негізінен, сарысулықтардың бұндай ерекшелігін аудандағы спортқа ерекше ден қойылатынымен байланыстыруға болатындай. Өйткені, ауданда спорт және дене шынықтыру саласына айырықша көңіл бөлінетінін осында өтіп жатқан әртүрлі спорттық жарыстар мен іс-шаралардың көптігімен, жергілікті спортшылардың арасынан чемпиондардың көптеп шығуымен байланыстыруға болады. Әрі спортпен шұғылдануға ниетті кез келген жан үшін ауданда спорттық нысандар қолжетімді екенін де атап өткен жөн. Міне, осындай игі істерден кейін шығар, бұл аймақтан белді, белгілі спортшылар да көптеп шығуда. Және олардың арасында мемлекеттік қызметшілер де бар екені қуантады. Ал, жоғарыда айтып өткен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткен турнир мемлекеттік қызметшілерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жетелейтінімен құнды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close