Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Тәуелсіздік – тәтті ұғым

Жуырда Сарысу ауданы Жаңатас көпсалалы колледжінде 01-17 топ жетекшісі Р.Рахимованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тәтті ұғым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын топ жетекшісі ашып, аталған іс-шараның мақсатымен таныстырып өтті.

Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін, қазақ жастарының бойындағы өршілдік пен ерлікті мақтан етіп айта отырып, топ студенттерін адалдыққа, ұлтын сүюге Желтоқсан құрбандарын үлгі тұтуға және олардың рухына тағзым етуге шақырды. Топ студенттері тәрбие сағатына толықтай ат салысып, өз ойларын ортаға сала білді. Іс-шара барысында Тәуелсіздік туралы баяндама оқылып, Желтоқсан құрбандарына арналған өлең шумақтары оқылды. Шара сонында шақыртылған қонақтарға сөз берілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова, құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Н.Алашбаев студенттерді ерлікке, батылдыққа, елін, жерін, Отанын сүюге шақырып, тәрбие сағатына өз ризашылықтарын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close