Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сергек сезінудің сыры

Жуырда Сарысу ауданында Жамбыл облысының 80 жылдығына орай жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2011 жылы туған мектеп оқушылары арасында футзалдан аудандық жарыс өтті.

Тартысты өткен жарыста 1-орынды Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, ал 2-орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектеп жеңіп алды.

Жалпы, спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты әрі шыдамды болады.
Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болсын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінуде.
Еліміздің көк байрағын желбіретіп, Әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. Біздің елдің футболшылары да мақтауға лайық.
Осындай мақтауға лайық спортшылардың қатарын сарысулықтардың да толықтырып жүргені баршаға аян. Олар спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалы, жоғарыда айтып өткен Жамбыл облысының 80 жылдығына орай жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында аудан әкімдігі спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен 2011 жылы туған мектеп оқушылары арасында футзалдан өткен аудандық жарыс соның бір дәлелі. Бұндай жарыстар ауданда көптеп өтуде. Оның барлығы спортты дамытуға бағытталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close