Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Талас ауданында медпункттер ашылды

Жуырда Талас ауданы Үшарал ауылына қарасты Қайыр мен Аралда медициналық пункттер ашылды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттгі. Осылайша, еліміз үшін ең маңызды мереке саналатын Тәуелсіздік күніне орай ашылған жаңа нысандар ел игілігіне беріліп, тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлады.

Үшарал ауылына қарасты Қайыр және Арал – аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер. Шағын ауылдардан қыстың қақаған аязында жол салып қатынаудың өзі оңайға түспейді. Мұндайда әсіресе, дертіне ем іздеген науқастарға ауыр. Тәуелсіздік мерекесі күні тұрғындарды мазалаған бұл түйткіл шешімін тапты. Көптің тілегі іске асып, медициналық пункттер ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев келіп, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

«Бүгінгі игілікті істі ел тәуелсіздігінің жемісі деп түсінуіміз керек. Алдағы уақытта аудан орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жерден ем алу мүмкіндігі туып отыр», – деп жергілікті жұртшылықты жағымды жағалықпен қуантқан Серік Ералыұлы медициналық пунктің жұмысына сәттілік тілеп, халықты жаңа медициналық пунктің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, шара барысында сөз сөйлеген ауыл ардагері Әмірбек Омаров тұрғындардың ризашылығын жеткізіп, мерекеге қатысты өзінің ізгі тілегі мен ыстық лебізін білдірді.

Медициналық пункттердің құрылысын «Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры Н.Жанбаев) жүргізгендігін айта кеткеніміз жөн. Шара барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры символикалық кілтті салтанатты жағдайда табыс етті. Жаңа нысандардың лентасын Серік Дадабаев және Әмірбек Омаров қиды. Бұдан кейін қонақтар медициналық мекеменің ішін көріп, ем алуға арналған құрылғылармен танысып шықты. Осылайша, Тіуелсіздік мерекесіне орай ашылған нысандардың қатары тағы да толыға түсті. Бұл, өз кезегінде, ауыл халқы үшін үлкен игілік. Ендеше, осындай жағымды жаңалықтар әр ауылда көп болғай деп тілейік.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close