Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханият

Таразда Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылды

Жамбыл облысы- Қазақ хандығының туы тігілген өңір десек, Тараз- тарихымыздың темірқазығы. Құрылғанына 80 жыл толған Жамбыл облысы бүгінде мәдениет пен руханияттың ордасына айналды. Мерейлі мереке қарсаңында облыс орталығында керемет ғимараттар мен рухани кешендер ашылмақ. Жөні ерек, форматы бөлек бүгінгі мерейтой кәсіби режиссер, халық әртісі Асқар Тоқпановтың ескерткішінің ашылуымен бастау алды.

Ескерткіштің лентасын КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен  Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Асқар Тоқпановтың шәкірті, Қазақстанның Халық әртісі  Тұңғышбай Жаманқұлов қиды. Олар тұлға туралы есті естеліктері мен тағылымды ойларын ортаға салып, А.Тоқпановтың ескерткішінің  облыстық театр алдынан ашылып отырғанын өте орынды шешім болғанын баса айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close