Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Елімізде ең төмен пайызбен баспаналы болуға мүмкіндік бар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Жамбыл облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Бердияр Құттыбаев елімізде ең төмен пайызбен баспаналы болуға мүмкіндік беретін “БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ” бағдарламасы туралы айтып берді.

ЕГЕР СІЗ ӘКІМДІКТЕ БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ КЕЗЕКТЕ ТҰРСАҢЫЗ ЖӘНЕ КЕЛЕСІ МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛСАҢЫЗ:
көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, мүмкіндігі
шектеулі баласы бар отбасы СОНДАЙ-АҚ:
Сіздің атыңызда және Сізбен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмаса

Сіз «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бағдарламасы бойынша өз үйіңізді сатып алуға заем ресімдей аласыз БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ Заем мөлшерлемесі
жылдық 2%, Ең төменгі бастапқы жарна
Заем сомасының 10%-ы
Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
Заем мерзімі
20 жылға дейін, Заем сомасы
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент,
Ақтау, Атырау қалаларында
15 млн.теңгеге дейін, Басқа аймақтарда
10 млн.теңгеге дейін. НЕ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ? Жаңа салынған үйден жаңа пәтер, Қолданыста болған пәтер, Жеке тұрғын үй. Тұрғын үйді сіз әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып алуға болады. ТАБЫС ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ)
артық болмауы керек (2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең) КІРІС РЕТІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?
Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік
қызметтен түсетін табыс жатады.

Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.

Негізгі кіріске жататындар: – Айлық жалақы, -Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс,-Тұрғын үй төлемдері, -Жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.)- Шәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда) Қосымша кіріске жататындар: Зейнетақы және зейнетақы аударымдары
(негізгі кіріс болған жағдайда, Экологиялық төлемдер. Өзге жәрдемақылар кіріс ретінде есептелмейді. Мысалы, отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы табыс келесідей болады: 6 адам х 42 500 теңге = 255 000 теңге. Егер екі адам болса -айына 85 000 теңгеден артық емес, отбасында үш адам болса – айына 127 500 теңгеден артық емес, төрт адамға -айына 170 000 теңгеден артық емес, отбасында бес адамға -айына 212 500 теңгеден артық емес, жеті адам -айына 297 500 теңгеден артық емес. ҚОСАЛҚЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫ ТАРТУ ЖОЛДАРЫ: Егер сіз өтінім берген кезде жұмыссыз болсаңыз немесе кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады. Мәселен Сіз жұмыс істесеңіз, Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткілікті болса, қосалқы қарыз алушы қажет емес. Жалпақ тілмен айтқанда гарант қажет емес. Ал егер, қарыз алушының кірісі заем алуға жеткіліксіз болса, онда, екі қосалқы қарыз алушы – үшінші тұлғаларды тартуға болады. Қарыз алушының кірісі жоқ, бірақ оның жұбайының табысы болған жағдайда, қосалқы қарыз алушы ретінде жұмыс істейтін жұбайы ресімделеді. Тағы бір айта кететін жәйт, әрі тиімді тұсы, жұбайының кірісі жеткіліксіз болған жағдайда, қосалқы қарыз алушы ретінде үшінші тұлға ресімделеді. Қарыз алушы мен оның жұбайының кірісі болмаған жағдайда, Бағдарламаға қатыса алмайды.
тек жұмысқа кіргеннен кейін 6 ай өткен соң ғана қатыса алады- деп ТҮҚЖБ бөлім басшысы Бердияр Құттыбаев бағдарлама шартын толық түсіндірді.
🔻ЕСЕПТЕУ МЫСАЛЫ: Пәтер бағасы 10 000 000 теңге делік, Бастапқы жарна
(заем сомасының кем дегенде 10%-ы) 1 000 000 теңге, Заем мерзімі 19 жыл. Алдын ала заем
Ай сайынғы төлем, 8 жыл 52 700 теңгеден, Тұрғын үй заемы
Ай сайынғы төлем 11 жыл 36 000 теңгеден. Ескеретін тұсы, кеңес: бастапқы жарнаны 10%-дан артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем бұдан да төмен болады! БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

1. Әкімдікте кезекте тұру.
Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін (көпбалалы отбасы, толық емес отбасы немесе мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын құжат алу керек.

2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту.
Яки депозит ашу, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін). Депозит ашу үшін жеке куәлік жеткілікті.

3.Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту.
Ол үшін Сізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек: отбасыңыздың -мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
-кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
-неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
-соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар. Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.
Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.
Бастапқы жарнаңыз және төлем қабілеттілігін бағалауға арналған құжаттарыңыз болса, екінші, үшінші және төртінші қадамдарды біріктіре аласыз. Мұны банк бөлімшесінде ғана жасауға болады.

4.Тұрғын үй таңдау.
Бұл кезеңде Сізге тұрғын үй іздеп, таңдап, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет. Айта кетейік, жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін және құқық белгілеуші құжаттарды төлем қабілеттілігі расталған күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт ішінде тапсыру керек.

5. Заем ресімдеуге мақұлдау алу (мақұлдау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды).
Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін, құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін алып, банк бөлімшесіне келіп, заем ресімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдау алу керек.

6.Бастапқы жарнаны аудару.
Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.
Назар аударыңыз: банк кеңесшілері жарна қабылдамайды.

7. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекіту.
Мақұлдау алған соң Сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.

8. Заем алу.
Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгенен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.

9. Өз пәтеріңізге немесе үйіңізге көшіп кіру!

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close