Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жігерлі жастар – ел болашағы

Жуырда Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жігерлі жастар – ел болашағы» атты аудандық фестиваль өтті. Шараны білім бөлімінің басшысы Күлшат Қожатаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұлттық дәстүрді қастерлеуге, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған фестивалге «Қаратау 1» аймағынан Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия; Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі; Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің жалынды жастары, жас мамандардан құралған топ мүшелері белсене қатысты. Фестиваль 5 кезеңнен тұрды: «Таныстыру» кезеңінде топ мүшелері әр мектептің өзіндік ерекшелігі туралы тілге тиек етіп, әсем әннен шашу шашса, «Сахналық көрініс қою» барысында «Қаратау бекеті» қойылымын қоюда кейіпкердің образын ерекше сомдаған Әліпбай Айдынбек, Ширинбет Жанерке, Әсел Бұралқы, Қымбат Амалбек, Тілегенов Құрмет – сахна мәдениетіне сай, ерекше орындау шеберліктерімен көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ал «Топтың концерттік бағдарламасы» деп аталған үшінші бөлімде Әліпбай Айдынбек «Вальс» әнін жанды дауыста нақышына келтіре орындай отырып, сюжеттік композиция желісі бойынша эпизодтағы саябақта серуендеп жүрген 80 жылдардағы жастардың әсем әуеннің ырғағына қосылып, күзгі бақта серуендеп жүрген қыздарды вальске шақыруы, жұптардың вальс билеуі, осынау сыр мен сезім қатар үйлесім тапқан сәтте әсем ару қыздың сырт қалғанын байқаған сері жігіт ару қызды вальске шақырып, ортаға тартуы, қашанда қыз баласын құрметтеп, шет қалдырмаған қазақтың керемет үрдісін ән қанатында, киелі ән мен би өнерін қатар ұштастыра білген жалынды жастардың ұшқыр қиялдары көрермен қауымның жүрегіне жол тапты. 4-кезең – «ситуациялық сұрақ» бөлімінде сабақтан төмен баға алған оқушының анасының көзқарасын жауап ретінде сахналық қойылым қою арқылы көрерменге көрсете отырып, ұшқыр қиялдары мен орындау шеберлігін қатар үйлестіре білген Әсел Бұралқы мен Әділ Оңласын қиял көкжиектерімен көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. 5-кезеңде «Ұлттық тағамды қорғау» барысында Әсел Бұралқы ас мәзірі туралы өлең жолдарымен бастап, ұсынып отырған ас мәзірі – қуырдақ пен бауырсақтың дайындалу жолын айта келе, себеттегі күзгі жеміс-жидектерді тарту етсе, Қымбат тышқан жылында Тұғыры биік Таласта бақ-береке мен молшылық болсын деген ниетпен тәттілерден шашу шашып, елдің батасын алды. Сайыс болған соң бір топтың озып, бір топтың кейін қалуы белгілі жағдай. Қазылар алқасының шешімімен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Міралиев Мадиярбек сөз алып, фестивалдің өте тартысты өткенін айта келе, «Қаратау 1» аймағының жүлделі 1-орынды иеленгенін атап көрсетіп, аудандық білім бөлімінің дипломы мен бағалы сыйлығын табыстады. Тартысты өткен білім мен өнер фестивалінде ерекше дараланған топ басшысы Айдынбек Әліпбайды арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close