Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жуалыда жеке кәсіпкер дүкен ашты

Жуалы ауданында жеке кәсіпкер, аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Майра Сәрсенова Бауыржан Момышұлы ауылының Рысбек батыр көшесінен «Майра» кондитерлік өнімдері» деген атпен фирмалық дүкен ашып, өз ісін бастады. Ашылу салтанатына жеке кәсіпкер Нүрилә Мәлібекова, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкер Әсима Шекеева және ауыл ақсалдары мен тұрғындар қатысты.

Дүкеннің лентасын Тезекбай Мықтыбеков және Әсима Қалымханқызы, Нүрилә Мәлібекова қиды. Қонақтар сәттілік тілеп, ауыл қариясы ақ батасын бергеннен кейін жиналғандар дүкеннің ішіне кіріп, шашу шашты. Мұнда жеке кәсіпкер шәйға арналған түрлі тәттілерден бастап, бәліштердің бірнеше түрін әзірлеп қойған екен. Ішін заманауи тұрғыда сәндеп, өнімдерді сақтайтын құрылғылар қойған.

Енді алдағы уақытта бұл дүкен аудан жұртшылығы үшін табиғи таза өнім ұсынатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close