Басты бетЖаңалықтарСаясат

Мәжіліс депутаттары Сарысу ауданында болды

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Бақытжан Ертаев пен Қожахан Жабағиев Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар» аллеясындағы қайта жөндеуден өткен ауған соғысы ардагерлерінің монументіне барып гүл шоқтарын қойып, аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында ауған соғысының ардагерлерімен және жастармен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиев Саудакент ауылындағы Б.Адамбаев атындағы тірек мектебі ресурстық орталығының, Техникалық шығармашылық орталығының, Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау кен өңдеу кешені орталық байыту фабрикасының жұмысымен, «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарының барысымен және «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Халық қалаулысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close