Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі тұрғындармен кездесті

Жуырда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Родничок» алқабының тұрғыны Өмірбай Сабыровтың шақыруын қабыл алып, алқапқа кездесуге барды.

Кездесуде алқап тұрғындары қоғамдық көліктің бағытын Қызыл көпірге дейін созуды және мөлтекауданға тікелей баратын қосымша автобус бөлуді сұрады. Сонымен қатар, көше тар болғандықтан қоғамдық көлік алқаптың ішіне кірмейтінін айтып, орталық көшелерді асфальттау, ауыз су, мектеп құрылысы, республикалық маңызы бар жолдың бойындағы аялдаманы артқа шегіндіру, әлеуметтік дәріхана, полиция тірек пунктін салу сынды мәселелерді көтерді. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев та тұрғындардың көтерген мәселелеріне нақты жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда алқапқа мектеп салу басты назарда екен. Өйткені мұндағы балалар №50 мектепке қатынап оқуда. Мектеп құрылысының құжаттары жартылай дайын екенін жеткізген қала басшысы республикалық бюджеттен қаражат сұралып жатқанын, ал ауыз су мәселесі бойынша жоба дайын екенін, енді тек насос қысымын анықтау жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. Ал №12 автобус бағытын созу үшін тасымалдаушы мекеменің өкілімен бірлесе алқапты аралап, мәселені шешуге тапсырма берді. Одан кейін массив Қайнар көшесі №58,59 үйдің маңындағы жолдың бөлігіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуді, республикалық маңызы бар жол бойындағы аялдаманы балалардың қауіпсіздігі үшін басқа орынға, жол жиегінен екі метр артқа орнатуды тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырды. Сонымен қатар қала әкімі алқапта жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория мен «Ажар» балабақшасында болып, жұмысымен танысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close