Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі «Шөлдаланың» тұрғындарымен кездесті

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Шөлдала» алқабының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде алқап тұрғындары қалаға қатынау үшін қоғамдық көлікті ұзақ күтетінін айтып, аялдамалар орнатуды сұрады. Сонымен қатар, газ жүргізуші мердігердің жұмысты кешеуілдетіп жатқанын жеткізіп, кезінде саяжай және бағбандық болып рәсімделген жер телімінің мемлекеттік актісін қайта рәсімдеуге жеңілдіктер қарастыру, балалар футбол алаңшасын салу  сынды мәселелерді көтерді.
Өз кезегінде қала әкімі тұрғындардың көтерген мәселелеріне нақты жауап қайтарды. «Химик» тұтыну кооперативіне газ жүргізуші мердігер мекеме «KZ Construction» ЖШС-нің өкілі Н.Шаймерденовтен 15 ақпанға дейін 2 алқапқа газдың берілуін талап етті.
Жер қатынастары бөліміне жер телімінің мемлекеттік актілерін ауыстыруды жергілікті жерге шығып, өтініштерді мамандардың осы аумақта қабылдауын ұйымдастыруды тапсырды. Балалар футбол алаңшасын салу үшін жер телімін анықтап, ұсыныс енгізетінін жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close