Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 80 пәтер пайдалануға берілді

Өткен жыл Тараз қаласының тұрғындары үшін ерекше сәттерге толы болды. Оның ішінде тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болған адамдардың көп болғаны қуантады. Бұндай игілікті іс биыл да жалғасын тауып, жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Мәселен, күні кеше Тараздағы 15-ші шағын ауданда тағы 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

№28 көппәтерлі тұрғын үй арендалық дегені болмаса шектеусіз уақытқа беріледі. Яғни пәтерге ие болғандар сатып алу құқығынсыз тұра алады. Жалдау құны 3500-4000 теңге көлемінде.

Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аталған шағын ауданда барлығы 280 көппәтерлі және 969 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Өткен жылы онда 26 тұрғын үй немесе 1300 пәтер халық игілігіне берілсе, биыл 29 үйдің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 323 пәтер берілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 миллиард 360 миллион теңгеге қайталама нарықтан 144 пәтер сатып алынды.

Ол ғана емес, облыс бойынша баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін 8 көппәтерлі жатақхана пайдалануға берілсе, 4 жатқхананың құрылысы жүргізілуде. Ол жатақханалардың ішкі құрылысы екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Бір пәтердің жалпы ауданы 35-40 шаршы метрді құрайды. Әр пәтерде зал және жатын бөлмелер, сондай-ақ, өз ас үйі, әжетханасы мен жуынатын (санузел) бөлмесі бар. Жалпы, бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 18565 адам тұр, оның ішінде 1784 көпбалалы отбасы, 8593 әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close