Басты бетЖаңалықтарҚоғам

«КӨКТЕМ-2020»: Талас ауданы су тасқынының алдын алу шараларына қамдануда

Жуырда Жамбыл облысы Талас ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізіліп, шара барысында Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов жедел әрекет ету жасағының дайындығын тексерді.

Аудан басшысы оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, жедел құтқару жасағы басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Қаратау қаласында орналасқан «Флора» саяжайын жаңбырдың көп мөлшерде жаууынан су басу қаупі төнген жағдайда саяжай жанынан өтетін «Тамды» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындары қауіпсіз орынға көшіріліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, эвакуацияланған тұрғындар Қаратау қаласындағы уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Аудан аумағында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close