Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Талас архивіне – 45 жыл

Жуырда Талас ауданы мемлекеттік архивінің 45 жылдығы аталып өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында өткен іс-шара ғылыми-тәжірибелік конференция негізінде ұйымдастырылып, оған облыстық, қалалық, аудандық архив қызметкерлері мен аудандағы мекемелердің, ұйымдардың, БАҚ өкілдері мен білімгерлер қатысты.

Іс-шараны Талас ауданы әкімінің орынбасары Қадырбек Садубаев ашып, аудандық архив қызметкерлеріне Талас ауданы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстаса, архивтің алғашқы директоры Шымкент Рысқұлұлы мен архив саласының ардагері Сатыбалды Досымбеков құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, шара барысында Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ Қаратау құрылыс техникалық колледжінің директоры Доқтырбек Маселбеков сөз сөйледі.

Жалпы, конференция барысында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, одан бөлек архив ісінің дамуындағы траекториялар, бүгінгі архивті цифрландыру және архивтің маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар, салалық секция отырысы болып, «Талас архивіне 45 жыл» атты арнайы кітап таныстырылып, сала ардагерлеріне арналған естелік тақтаның ашылу салтанаты болды.

Конференцияға қатысушы қонақтар Талас аудандық тарихи-өлкетану музейіне, «Коворкинг» орталығына, ардагерлер аллеясына, Тамды қалашығына және архивке экскурсия жасады. Ал конференцияны мекеме басшысы Алмас Мұхтаров қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close