Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Таразда «Алғысым шексіз» акциясы өтті

Тараздағы «Март» сауда орталығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Мейірімді жүрек» қозғалысының еріктілері 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» акциясын өткізді.

Студенттердің флешмобымен басталған акция барысында еріктілер Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық ән-биін орындап, Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты композициясын сахналады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрерменге өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне қатысты сұрақ қойып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық берді. Одан бөлек, сауда орталығына келушілерге бауырсақ ұсынып, қазақтың ұлттық дәмінен ауыз тигізді. Жастар арасында ұлтаралық татулықты сақтауға ықпал ету, ризашылық, алғыс туралы түсініктерін кеңейтіп, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған акцияға шамамен 1000-ға жуық адам тартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close