Басты бетЖаңалықтарКоронавирус

COVID-19: Жазылған адамдар да вирус таратады

Коронавирустық инфекцияны жұқтырған емделушілер сауыққаннан кейін де  вирус тарата алады.

Қытай ғалымдары ауруханадан коронавирустан жазылып, нәтижесі теріс шыққандар үшін карантин мерзімін ұзарту керек екенін айтуда. Олар індеттен толық айыққан емделушілерге зерттеу жүргізіп, тест нәтижелері теріс шыққанына қарамастан вирусты таратушы болатынын анықтады.

Мұндай емделушілерде симптомдар жоқ, бірақ ауыз жұтқыншағында  вирус бөлшектері сақталады. Емделушілердің жартысына жуығы барлық симптомдарды жойылғаннан кейін де вирус бөлуді жалғастырады. Белгілі болғандай, емделушілердің вирус тарату қаупі 1-ден 8-ші күнге дейін сақталады.

Бүгінгі таңда ең тиімді алдын алу шарасы ретінде өзін-өзі оқшаулау басқа адамдардың жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. (egemen.kz)

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close