Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Қарағандыда коронавирустан бір адам қайтыс болды

11:15-тегі жағдай бойынша тағы 15 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтанда – 6, Алматы қаласында – 2, Қарағанды облысы – 1, Ақмола облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жетті. Қарағанды облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды. Қазіргі таңда 24 адам жазылып шықса, 3 адам қайтыс болды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам,

Алматы қаласында – 84 адам,

Қарағанды облысында – 14 адам,

Ақмола облысында – 16 адам,

Атырау облысы – 16 адам,

Жамбыл облысында -3 адам,

Шымкент қаласында – 3 адам,

Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,

Алматы облысында – 8 адам,

Ақтөбе облысында – 3 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам,

Павлодар облысында – 1 адам,

Маңғыстау облысында – 1 адам,

Қызылорда облысында – 18 адам,

Батыс Қазақстан облысында – 2 адам,

Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 363 науқас тіркелді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close