Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 423-ке жетті

Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

2 сәуір 17.05 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 8 адам, Түркістан облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында – 21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 8 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 11 адам, жалпы 423 науқас бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close