Басты бетСаясатҚоғамӘлеумет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Қалада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықпен күресу мақсатында 2020 жылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қалалық комиссия өз жұмысын жоспарлы түрде атқаруда. Атап айтқанда: қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттауда, билік органдары мен құқықтық құрылымдар өкілдіктерінің қатысуымен жалпы 3 акция, 2 диалогтық алаң, 7 кездесу, 1 челлендж, 1 бейнеролик, 1 сурет байқауы, 2 дискуссиялық алаң,  4 дөңгелек үстел, өткізіліп (барлығы – 21), БАҚ беттерінде 12 мақала жарияланған.

Тараз қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында қала әкімінің taraz-gov.kz сайтында барлық қажетті мәліметтерді көруге мүмкіндік жасалған.

Тараз қаласында Қонаев – Әйтеке би, Төле би көшесіндегі «Баласағұн» облыстық филармониясы маңында, Төле би Қарахан, «Орталық стадион» маңында және Тәуке хан көшесінің бойында және Қойгелді көшесінің маңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған 6 баннер орналастырылған.

2020 жыл басынан әртүрлі сұрақтар бойынша қала әкімі және әкімнің орынбасарлары 375 жеке қабылдау өткізген. Қабылдауға келген 4074  азаматтың өтініштері бойынша нақты шаралар қабылданып, уақтылы жауаптары берілген.

Қала әкімінің аппараты мен әкімдік бөлімдері бойынша жеке және заңды тұлғалардан 7832 өтініш түскен. Өтініштер тиісінше қарастырылып, заң шеңберінде жауаптары берілген. Өтініштер жер телімдерін беру, жол жөндеу, материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әртүрлі коммуналдық сұрақтарға байланысты.

Қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесімен жемқорлық құбылыстарын болдырмаудың алдын алу мақсатында  1500 брошюра жасалып таратылды.

Қала әкімі аппараты ғимаратының көрнекі және қолжетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған. Жәшікке 1 өтініш түскен, сыбайлас жемқорлық сипатында өтініштер түспеген.

Қала әкімі аппаратында 433739 сенім телефоны қызмет атқарады. Сенім телефонына жыл басынан 1 адам хабарласқан, келіп түскен мәліметтер арнайы журналда тіркелген. Жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар түспеген.

Тараз қаласының білім беру ұйымдарында «Адалдық дүкені» ашылып, жұмыс жүргізіліп жатыр.

2019-2020 жылы оқу жылында жалпы орта білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жәшіктер орнатылған. Педагогтардан, оқушылардан қаражат жинау жағдайларын зерделеу мақсатында жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі шара қолдану үшін білім бөліміне жолданған.

Бұл жұмыстардың орындалуын арнайы мониторингтік топ мүшелері қадағалауда (Мониторингтік топ қала әкімінің 2018 жылдың 22 ақпандағы №15-ө өкімімен құрылған).

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықты болдырмауға бағытталған жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан 2019 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшінің беделін түсіретін 5 факт және 1 қылмыстық іс қозғалған.

2019 жыл

1. Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы О.Көпжасаров қызыл сызық тәртібін сақтамаған 3 құрылыс объектісі бойынша сот органдарына жүгініп, негізсіз талап арызды қайтарған. Тараз қаласы әкімінің 2019 жылдың 11 наурыздағы №58-ж/к өкіміне сәйкес, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған. Қазіргі кезде жұмыстан босатылған.

2. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы С.Жұманқұл шешім қабылдау кезінде заңды тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен. Тараз қаласы әкімінің 2019 жылдың 17 сәуірдегі №103-ж/к өкіміне сәйкес, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған. Қазіргі кезде жұмыстан босатылған.

3. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Түменбаев бөлімнің 2019 жылдың  5 шілдедегі №80-ж/к бұйрығымен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған. Ескерту қала прокуратурасының ұсынысының негізінде жарияланған.

4. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы З.Мырзалиеваға 2019 жылдың 21 қазанындағы №38 бұйрығымен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған. Ескерту қала прокуратурасының ұсынысының негізінде жарияланған.

5. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ш.Беркимбаеваға 2019 жылдың 22 қазанындағы №42-ж/к бұйрығымен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған. Ескерту қала прокуратурасының ұсынысының негізінде жарияланған.

2019 жылдың 16 қарашасында кешке Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, әлеуметтік көмек көрсету секторының бас маманы Бижанов Нурсултан атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген Г.Салиевадан және Д.Ахметовадан 199,5 (жүз тоқсан тоғыз мың бес жүз) теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша ұсталды. 2020 жылдың 29 қаңтардағы Тараз қалалық сот үкімімен  Н.Бижановқа ҚР ҚК 190-бабына сәйкес 1 496 250 теңге айыппұл салынды және өмір бойында мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан айырды.

2020 жылдың 11 ақпандағы бөлім басшысының №10-жқ бұйрығымен жұмыстан босатылды.

2020 жыл  

Жыл басынын Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Н.Бекниязовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тоқтатылған.

Алайда бұл жағдай бойынша қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осы орайда, Тараз қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында қала әкімдігінде өтініш қарастыру кезінде жеке және заңды тұлғалармен сөйлесу және кездесу алгоритмі бекітілді.

Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 3 шілдедегі «Дербес жауапкершілік жүктеу туралы»  №2280 қаулысының негізінде қала әкімдігінің бөлімдері мен мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында өздерінің басқарып отырған мекеме қызметшілеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жайттары туралы мемлекеттік орган басшыларына жеткізуді және қызметкерлерімен жемқорлықты болдырмауға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізу міндеттелген және қала әкімдігінің бөлімдері мен мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына, басқарып отырған мекемеде сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықтармен орын алған жемқорлық сипатындағы қылмыстар үшін дербес жауапкершілік жүктелген.

Гүлшат АЙТБАЕВА, Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close