Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

69 жастағы Тараз тұрғынынан коронавирус анықталды

2 сәуірде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді. Науқас Тараз қаласының 69 жасар тұрғыны болып табылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы болып келеді.
Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті ем алуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close