Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркеліп, барлығы 500-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелдi, деп хабарлайды «Ақпарақ» coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы қаласында – 16 адам, Атырау облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 7 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Түркістан облысында – 4 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 4 адам.

Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды.

4 сәуірдің 09.15 уақытында алынған мәліметке сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 202 адам, Алматы қаласында – 109 адам, Қарағанды облысында – 26 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 22 адам, Жамбыл облысында – 9 адам, Шымкент қаласында – 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 23 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 500 науқас тіркелді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close