Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

42 500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін бүгін Қазпоштада шот аша аласыз

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
2020 жылдың 5 сәуірінде, жексенбі күні, Қазпошта бөлімшелері облыстың барлық аймақтарында жұмыс істейді. Онда сіздер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (42 500 теңге) әлеуметтік төлемдерді алу үшін арнайы шот аша аласыздар. Пошта бөлімшелерінің жұмыс уақыты: 09-00-ден 18-00-ге дейін.
Тараз қаласында да, сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, мына мекен-жайларда орналасқан пошта бөлімшелері сіздер үшін жұмыс істейді:
Төле би көш., 79
Қазыбек би көш., 140
Сатпаев көш., 9 (Телецентр)
Жәйлау мөл. ауд., 5а
Театральная көш., 5б
Самаркандская көш., 34
Шөлдала мөл. ауд., Заводской көш., 13/2
Кұмшағал мөл. ауд., Байстұрсынов көш., 4

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close