Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысулық азамат 100 отбасына азық-түлік алып берді

Жамбыл облысы Сарысу ауданында меценат, «ДосСтройКонсалт» ЖШС-нің бас директоры Досбол Жылқыбаев «Біз біргеміз» акциясы аясында 100 аз қамтылған отбасына азық-түлік салынған әлеуметтік пакеттер таратты.

«Осындай қиын сәтте өз үлесімді қосып, сіздермен бірге екенімді көрсеткелі келдім», деген Досбол Жылқыбаев бұл күндері үйде болып, сақтық шараларын басты назарда ұстау аса маңызды екенін айтса, қайырымды жанның көмегіне риза болған көпбалалы және аз қамтылған аналар алғыстарын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close