Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар 35-ке жетті

Жамбыл облысында COVID-19 жеті жағдайы анықталды.
6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының жеті жағдайы анықталды. Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988, 2001 жылғы Қордай ауданының тұрғындары. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған. Ал жетіншісі 1992 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол Таразға ата-анасына қонаққа келген.
Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close