Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 5 адам тіркеліп, коронавирус жұқтырғандар 45-ке жетті

7 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 жұқтырған тағы 5 адам анықталды, оның төртеуі – Қордай ауданының тұрғындары, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1961, 1963, 1973 және 1985 жылы туған азаматтардың вирус жұқтыруына бұрын індетке шалдыққан науқаспен тығыз байланыста болуы себеп болған.
Бесінші науқас – 1966 жылғы Мойынқұм ауданының тұрғыны. 28 наурыз күні «Көкшетау-Қызылорда» пойызында коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Осы ақпаратты Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен алғаннан соң ол жедел түрде карантиндік стационарға оқшауландырылды. Лабораториялық талдау COVID-2019 диагнозын растады.
Науқастанған азаматтармен байланыста болған 54 адам анықталып, карантинге жатқызылды. Лабораториялық зерттеуге материалдарды іріктеу жұмысы жүріп жатыр. Санитарлық-эпидемиялық қызмет індет жұқтырғандар мен байланыста болғандардың тұрғылықты мекенжайы мен барған жерлеріне дезинфекция жасады.
Жалпы аймақта 45 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның ішінде 11 адам шекара пункттерінен өткен кезде анықталса, 6 науқас Делиден келген рейс жолаушылары. Таразда – 5, Қордай ауданында – 18, Меркіде – 2, Шу, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында 1 адамнан.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close