Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Таразда коронавирус инфекциясын жұқтырған 86 жастағы әйел анықталған үйдің кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды «Ақпарақ» Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол «Қарасу алқабы» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйде тұрған.

Эпидемиологиялық тексеру барысында азаматша 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Қазір ол инфекциялық стационарда ем алуда. Ал онымен байланыста болған 5 адам анықталып, карантинге орналастырылды.

Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді. Осы подъездегі пәтерлерде тұратын 27 тұрғын 14 күнге оқшауланып, оларға үйінен шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, бүгінде подъезде полиция қызметкерлері кезекшілік етсе, тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі  қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

 Жалпы, өңірде 45 коронавирус оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде анықталса, 6 жолаушы Делиден келген. Сондай-ақ, Тараз қаласында – 5, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында бір-бірден тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close