Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 5 тонна ұн тегін таратылуда

Таразда жомарт жанның көмегімен 100 отбасына барлығы 5 тонна ұн тегін таратылуда, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңдағы төтенше жағдайға байланысты азық-түлік тауарларының тапшылығы туындап жатқаны жасырын емес. Осыған байланысты Тараз қаласындағы Құмшағал елді мекенінің тумасы Қайрат Сәрсенбаев «Құмшағал», «Көлтоған», «Казарма», «Қызылабад» елді мекендеріндегі әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына жалпы салмағы 5 тонна ұнды «Сәрсенбаев» шаруа қожалығы есебінен тегін таратуда.

Игілікті істі бастаған мәрт азаматқа тұрғындар да ризашылығын білдіріп, алғысын айтуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close