Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тәркіленген этил спиртінен антисептиктер дайындалуда

Жамбыл облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен облыстық қаржы басқармасының бұйрықтары негізінде тәркіленген этил спиртінің 9 мың литрі облыстық көпсалалы балалар ауруханасына тегін берілді. Облыс әкімдігі бұл спирттерден жергілікті фармацевтикалық компанияның 13 мың литр антисептик пен дезинфекциялық құралдар жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сонымен қатар өңірде дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, жеке қорғану  және дезинфекциялаушы құралдарды, ПТР мен тест-жүйелерді сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан 536 миллион теңге, Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қорынан 43 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 281 миллион теңге, жалпы көлемі 860 миллион теңге бөлінген.

Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелеріне аталған қажетті заттарды сатып алу және жеткізу шаралары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close