Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жуалылық жастар жақсы істер атқаруда

Жуалы ауданының Жастар орталығы қашанда жақсы істердің ұйытқысы болып жүретініне жергілікті жұрт куә. Бұл жолы да еліміз үшін қиын күндер туғанда жуалылық жастар шет қалмады. Демеушілердің көмегімен мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, жерлестерінің ризашылығына бөленуде.

Мәселен, бүгін, 10 сәуірде Жуалы ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанындағы «Қамқор» қайырымдылық-волонтерлық клубы ауданның жеке кәсіпкерлерінің көмегімен Б.Момышұлы ауылында тұратын 10 отбасына азық-түлік пен қорғаныш маскаларын үлестіріп берді. Жалпы, ауданда «Біз Біргеміз» акциясы аясында 23 наурыздан 10 сәуірге дейін аз қамтылған 160 отбасына азық-түлік берілген. Бұдан өзге көптеген игі істердің басы-қасынан табылып жүрген аудандық Жастар орталығының мамандары «Қолдау көрсетіп, көмек қолын созып отырған ауданның кәсіпкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз» дейді.

Алдағы уақытта «Қамқор» қайырымдылық дүкені аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, ауыл әкімдіктерімен бірлесе отырып өз жұмысын жалғастыратын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close