Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Мемлекет басшысы карантин режимін созуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда карантин режимін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Fаcebook-тегі парақшасында жазды.

«…Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close