Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда карантинге оқшауланған үйдің тұрғындары ыстық тамақпен қамтылуда

Таразда коронавирус инфекциясын жұқтырған 86 жастағы әйел анықталған үйдің кіреберісі карантинге жабылғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгінде осы үйдің карантинге оқшауланған тұрғындары ыстық тамақпен қамтылуда. Бұл туралы қала әкімдігі өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлайды.

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында коронавирус инфекциясына орай жарияланған карантин режимі кезеңінде халыққа қолдау көрсету мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен және «Үміт» кафесінің демеушілігімен «Қарасу алқабы» шағын ауданындағы карантинге оқшауланған №38 көппәтерлі тұрғын үйдің 27 тұрғыны еріктілердің атсалысуымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді» делінген жазбада.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close