Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 7 блок-бекет жұмыс істеуде

Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен қала аумағында 7 жерде блок-бекет жұмыс істеуде, деп хабарлайды «Ақпарақ» қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Блок бекеттер видеобақылаумен, қажетті материалдармен (тефаль, диспенсер, антисептикалық заттар, стол, орындық, жылытқыш (катушка), бетперде (маска), арнайы қорғаныс киіммен, 3 мезгіл тамақпен және ауыз сумен) компьютермен, орындықтармен, дезинфекциялық сұйықтық құйылған бөшкелермен, электрлі генератормен қамтамасыз етілген.

Бүгінде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында блок-бекеттерге жеке кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, «Үміт» кафесінің демеушілігімен блок-бекет мамандары еріктілердің атсалысуымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close