Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел босанды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

8 сәуір күні ауруханаға түскен аяғы ауыр келіншектің сырқаттанып тұрғаны байқалған. Тексеру барысында оның дене температурасы 38,1 градусқа дейін жеткен екен. Жүкті әйелден алынған тесттің нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын көрсеткен.

Босану кезінде ешқандай қиындық болмаған. Шақалақ аман-есен дүние есігін ашыпты. Сәбидің салмағы 2970 грамм, бойы – 51 сантиметр. Жағдайы қалыпты. Коронавирус инфекциясына байланысты анализ алынған.

Келіншекті кезекші бригада қажетті қорғаныс киімімен босандырғанын айта кеткен жөн. Содан кейін олар 2 аптаға үй карантиніне жіберілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close