Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында блок-бекетті кесіп өтпек болған жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында блок-бекетті кесіп өтпек болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «Ақпарақ» облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында орналасқан блок-бекетте Гродеково ауылына бара жатқан 24 жасар жүргізуші төтенше жағдай режимін бұзған. «Жүргізуші блок-бекеттегі полиция қызметкерлеріне қажетті құжаттарды ұсынғанымен, міндетті санитарлық-алдын алу іс-шараларынан өту, яғни дене қызуын өлшеу талабын орындауға қарсылық танытқан. Полиция қызметкерлері оны өз бетімен блокпосттан өтуге әрекет жасаған кезінде ұстады. Анықталғандай, бұл бұзушылық жүргізушінің жауапсыз мінез-құлқымен байланысты орын алған», делінген ведомство хаттамасында. Айта кетейік, төтенше жағдай режимін бұзған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close