Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

ДСМ коронавирусқа қатысты болжамын айтты

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі қашан болуы мүмкін деген болжамын айтты, деп хабарлайды «Ақпарақ».

 «Біздің ғылыми орталықтарымыз дайындаған болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі сәуір айының соңына, мамыр айының басына тұспа-тұс келуі мүмкін. Ол кезде шамамен коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мыңға жетуі ықтимал», – деді Людмила Бюрабекова.

13 сәуір 14.30-дағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 979-ға жетті. Оның ішінде 110 адам жазылып шыққан. 12 адам көз жұмды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close