Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 270 медицина қызметкері үстемеақы алды

Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен өңірдің 270 медицина қызметкері жалақыға қосымша үстемеақы алды, деп хабарлайды «Ақпарақ» ЖО ДСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, 40 дәрігерге, 129 орта буын қызметкерлеріне, 89 кіші буын қызметкерлеріне және 12 жүргізушіге 40100,0 мың теңге есептелген болатын.

Облыста бірінші санаттағы топ бойынша инфекциялық стационарда барлығы 255 медициналық қызметкер (51-дәрігер, 102-орта буын персоналы және 102-кіші медициналық персонал), екінші санаттағы топ бойынша  провизорлық стационарда 285 медициналық қызметкер (57-дәрігер, 142-орта буын персоналы және 114-кіші медициналық персонал), Ал үшінші санаттағы топ бойынша  карантиндік стационарда 230 медициналық қызметкер (48-дәрігер, 91-орта буын персоналы және 91-кіші медициналық персонал) жұмысқа жұмылдырылған.

Көтермелеу сомасы инфекциялық стационарда әрбір қызметкерге 20 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемі, яғни 850 000 мың теңге, провизорлық стационарда әрбір қызметкерге 10 ЕТЖ, яғни 425 000 теңге және карантиндік стационарда 5 ЕТЖ, яғни 212 500 теңге нақты жұмыс атқарған уақытына төленеді.

Наурыз айында нақты жұмыс атқарған уақыты бойынша 270 қызметкерге , оның ішінде 40 дәрігер, 129 орта буын персоналы, 89-тазалықшы және 12 жүргізушіге барлығы 40,1 млн.теңге үстеме ақы міндетті “Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру” қоры арқылы төленді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстемеақы белгілеу туралы шешімді бекіткен болатын. Сондай ақ,  медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру” қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде 2 млн теңге, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңге беріледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close