Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-2019: Жамбыл облысында тағы 3 адам тіркелді

14 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус ауруының үш жаңа оқиғасы анықталды, деп хабарлайды «Ақпарақ» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың үшеуі де бұған дейін  науқастармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға алынғандар.

Науқастардың бірі – 1965 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Ол 10 сәуір күні карантинге орналастырылған. Алынған зертханалық талдаулар қорытындысы COVID-2019 инфекциясын растады.

Сондай-ақ, карантиндік стационарда жатқан Жамбыл ауданының 1999 және 1970 жылы туған екі тұрғынының да талдаулары оң нәтиже көрсетті.

Инфекция анықталғаннан кейін науқастар ем алу үшін инфекциялық стационарға жеткізілді.

Байқаныста болған тұлғаларды және  жұқтыру қаупі бойынша мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылды.

Жалпы облыс бойынша 49 коронавирус оқиғасы тіркелді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close