Басты бет

«SENIM» кәсіподағы медқызметкерлерге материалдық көмек көрсетті

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірге карантиндік және провизорлық стационарлардың қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жалпы, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында қосымша 1364 төсек ұйымдастырылған. Ол облыстық көп бейінді балалар ауруханасында, «Айша бибі» санаторийінде, «Ана мен бала» облыстық оңалту орталығында, облыстық тері-венерологиялық диспансерінде, облыстық ересектер және балалар фтизиопульмонологиялық орталықтарында, «Самал» сауықтыру орталығында, Қордай аудандық орталық ауруханасында орналасқан. Оның ішінде 135 төсек-инфекциялық стационар, 339 провизорлық стационар, 890 карантиндік стационар және 24 реанимациялық төсектерде, осы орындарда 873 медициналық қызметкер (103 қызметкер резервте) үш ауысымда жұмыс істеуде.
Аталған мекемелерде қызмет көрсетіп жатқан медицина қызметкерлердің отбасы мүшелерімен және басқа да адамдармен байланысын азайту мақсатында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы басшылығы тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына медицина қызметкерлерін қонақ үй үлгісіндегі оқшауланған ғимаратқа орналатыру мәселесін қарастыруды ұсынды.
Бұдан басқа «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірге карантиндік және провизорлық стационарлардың қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетті, мысалы, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы – 400 000 теңге, Жамбыл обылстық «Ана мен баланы аялау орталығы» – 200 000 тенге, облыстық ересектер және балалар фтизиопульмонологиялық орталықтарына – 400 000 тенге, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына – 200 000 тенге, «Айша биби» шипажайына – 300 000 тенге,
Жалпы соммасы 1 500 000 теңге қаражат материалдық көмек ретінде азық-түлік, медициналық жеке қорғану құралдарын сатып алу үшін және басқа қажеттіліктер үшін берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close