Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда карантин талаптарын бұзған азаматтарға шара қолданылады

Тараз қаласының әкімдігі қала тұрғындарын карантин талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады. Мәселен, қалада жүріп-тұру үшін өзіңізбен бірге жұмыс орнынан міндетті анықтама және бетперде, қолғап сынды жеке қорғану құралдары болуы керек.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 15 сәуірде сағат 07.00 – 09.00 аралығында қала әкімдігі, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасы мамандары және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп қалалық автобус бағыттарында карантин режимінің сақталуы бойынша ескерту-профилактикалық шараларын жүргізген. Іс-шара барысында №11 және №55 автобус бағыттарында таңғы уақытта автобустардың шамадан тыс жүктелуі 90 және одан да көп пайызды құрайтыны анықталды. Карантин кезінде санитарлық қауіпсіздік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аталған бағыттарға қосымша 2 автобустан қосу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жолаушылардың шамамен 10 пайызында жұмыс орнынан берілетін анықтама жоқтығы белгілі болды. Аталған азаматтар карантин режимінің талаптарын сақтау туралы ескертілді.
Осыған орай, қала әкімдігі тұрғындардан Тараз қаласының Бас дәрігерінің 2020 жылғы 5 сәуірдегі №201 қаулысының барлық талаптарын бұлжытпай орындау және өзіңізбен бірге жұмыс орнынан міндетті анықтама және жеке қорғану құралдарының: бетперде, қолғап болуын сұрайды. Алдағы уақытта іс-шаралар жүргізу барысында аталған талаптарды бұзған азаматтарға әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close