Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

42500 теңге студенттерге беріле ме?

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жуырда ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте студенттер 42 500 теңгені ала ала ма деген сауалға жауап берді.

Студенттер – еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматтары. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап әр адам жұмыс істеуге құқылы. Шәкіртақы алатындығына, алмайтындығына қарамастан жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды. Даяшы, сатушы болып жұмыс істейтін студенттер бар. Олар ресми және бейресми жұмыс істеп жүр. Сондықтан, барлық азаматтарға бірдей тәртіп студенттерге де қатысты. Егер ресми жұмыс істесе, жұмыс беруші береді. Ал өз бетінше ақша тауып жүргендер болса, өтінішті өздері беруі қажет. Бірақ, одан бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлем жасауы керек. Сол кезде әлеуметтік төлем алады. Біз студенттің шәкіртақы алып-алмайтындығын тексермейміз,-деді Біржан Нұрымбетов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close