Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус жұқтырған

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді. Науқас 1983 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны болып шықты.

Ол кеше, яғни 15 сәуір күні дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік пен бас ауруы шағымымен орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне келіп түскен. Жамбыл облысының әкімдігі берген мәлімет бойынша, науқастан алынған зертханалық талдау нәтижелері коронавирус диагнозын растаған.

Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылған. Онымен байланыста болған 17 тұлғаның індет жұқтыру қаупін анықтау, карантиндік стационарға жеткізу бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close