Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екі жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқастардың бірі Қордай ауданында анықталған. Жүргізуші, Павлодар тұрғыны Қырғызстаннан Алматыға бара жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде «Қарасу» бекетінде алынған талдау оң нәтиже көрсетті.

Екінші оқиға Тараз қаласында анықталды. Қала тұрғыны ЖРВИ диагнозымен провизорлық стационарға жатқызылып, зерттеу нәтижесі инфекцияның бар екенін анықтады.

Науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған тұлғаларды, жұқтыру қаупі бойынша мәртебені анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Бұған дейін Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 дерегі тіркелген болатын. Оның 2-і Қордай ауданында, 2-і Тараз қаласында және 1-і Жамбыл ауданында.

Қордай ауданында 17 сәуірде анықталған науқас – Қырғыз Республикасының азаматы, жүргізуші. Алматы қаласына жүк артуға келе жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде «Қарасу» өту пунктінде одан ПТР-ға алынған талдау оң нәтиже көрсетіп, науқас арнайы көлікпен Бішкек қаласына жіберілді.

Қалған төрт жағдай 18 сәуір күні анықталған.

Екі науқас – Қордай және Жамбыл аудандарының тұрғындары.

Оның бірі – науқаспен жақын байланыста болған тұлға ретінде Тараз қаласында карантиндік стационарда жатқан 2002 жылы туған қыз бала. Карантиндік стационарға жатқызған күнгі зертханалық талдауы – теріс нәтиже көрсеткенімен, қайталап алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Екіншісі 1991 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны. Ол байланыста болған тұлға ретінде үй карантиніне оқшауланып, ПТР-ге алынған талдау оң нәтиже көрсеткен.

Бұдан бөлек екі науқас – Тараз қаласының тұрғындары.

1970 жылы туған әйел дене қызуының жоғарылауына байланысты денсаулық жағдайы бойынша демалыста болған. Алынған талдау қорытындысы коронавирустық инфекцияның бар екенін анықтаған.

Сондай-ақ, Тараз қаласынан тіркелген екінші науқас –1987 жылы туған әйел. Жүктілігінің 20-аптасын өткізіп жатқан ол жоғары дене қызуы, ентігу мен жөтелге қатысты шағымдарымен емханаға жеткізіліп, КВИ-ға тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Инфекция жұқтырған барлық төрт қазақстандық облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар корпусына жатқызылды.

Үй және жұмыс орындары бойынша ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілді. Эпидемиологиялық тексеріс барысында байланыста болған 35 адам анықталды.

Өңірде барлығы 60 жағдай тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 10, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл облысында – 4, Қордай ауданында – 33, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасында алты оқиға орын алды.

19 сәуірдегі жағдай бойынша, алты адам сауығып, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close