Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 5 қызды арбауына түсірген алаяқ ұсталды

Жамбыл облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде бірнеше адамды өз арбауына түсірген интернет алаяғын ұстады, деп хабарлайды «Ақпарақ» облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам әлеуметтік желі арқылы атын өзгертіп, қыздармен танысып отырған. Ол қыздардың сеніміне әбден кіріп алып, әрқайсысынан еңбекақысын аударатын төлем карточкаларын пайдалануға рұқсат алады. Сенім білдірген қыздар өз деректемелерін ұсынуға келіседі. Сол арқылы ол қыздардың атына несие ресімдеп, ақшаны өз қалтасына салып отырған. «Интенет-алаяқ өзінің әккі әрекетімен бес қызды «тұзағына» түсірген. Жалпы шығын сомасы 1 069 000 теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарды коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары жағдайындағы алаяқтық қаупі туралы ескертіп, сақ болуға және әлеуметтік желілердегі ұсыныстар мен қызметтерге сенбеуге шақырады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close