Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Жамбыл облысының бас имамы карантиндегі Рамазан айы туралы айтты

Бүгін Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамыБейбіт Мырзагелдиев карантин кезінде Рамазан айы қалай өтетіні туралы айтты.

Баспасөз мәслихатында Рамазан айының артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктер сөз болып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді. Сонымен қатар діни басқарма тарапынан келген бұйрық бойынша атқарылатын іс-шаралар легі тілге тиек болды.

«Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Рамазан – он бір ай бойы кір шалып, тот басуға аз қалған рух пен жүректің қайта тазарып, кемелденуі үшін Құдай Тағаланың арнайы бекіткен киелі бағдарламасы. Рамазан – жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты айы. Сондықтан, бұл айда бар игілік иелері жақсылық жасауда өзара аламан бәйгеге түседі. Мұсылман үмбеті бұл айды сарыла күтіп, сағына қарсы алады», деген Бейбіт Мырзагелдиев биыл мұсылман жұртшылық асыға күткен қасиетті ай сәуірдің 24 жұлдызында басталып, 23 сәуірде тарауық намазы оқылатынын, және ораза 30 күнге толатынын жеткізді. Ал ораза айт мерекесі биыл 24 мамырда аталып өтеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close