Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғамӘлеумет

Карантинге байланысты оразаны кейін өтеуге бола ма?

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев карантин кезінде Рамазан айы қалай өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Карантинге байланысты оразаны кейін өтеуге бола ма?» деген сұраққа «Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға, денсаулығы дұрысталған келесі жылдарда қарыз күндерін өтеуге шариғат рұқсат береді». Ал, ораза – әрбір ақыл-есі дұрыс пендеге парыз болғандықтан дені сау адам әлемде карантин болып жатыр деп бекерге оразаны тәрк етуі дұрыс болмайды», деп жауап берді Бейбіт Мырзагелдиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close