Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғамӘлеумет

Пітір садақасын қалай беруге болады?

Жамбыл облысына карантин режимі енгізілуіне байланысты пітір садақасын биыл қалай береміз? Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев айтты, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Биыл пітір садақасы жан басына 370 теңге болып бекітілді. Карантинге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мобильді қосымша арқылы пітір беру жолдарын қарастырды. Каспи банк пен діни басқарма бұл турасында келіссөз жүргізуде. Нәтижесінде, KaspiGold қосымшасында пітір-садақа бөлімі қосылып, ақша аударуға мүмкіндік туады.

            Ал биылғы фидия мөлшері оразаның әр күні үшін 1700 теңге деп бекітілді. Құранда Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «бір міскіннің тамағын берсін» деген. Яғни, фидия дегеніміз – ораза ұстауға шамасы келмеген адамның бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең, яки кешке тамақтандыру. Оны ақшалай да беруге де болады. Оның мөлшерін әр елдің мүфтияты нарыққа байланысты белгілейді. Фидия беруге шамасы келмеген кісі Алладан кешірім тілейді», деді облыстың бас имамы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close